Саясаттарды конфигурациялау және тарату: құрылғыларға бағытталған тәсілдеме

Осы сценарий аяқталғаннан кейін, бағдарламалар сіз анықтайтын бағдарлама саясаттары мен саясат профильдеріне сәйкес барлық басқарылатын құрылғыларда конфигурацияланады.

Алдын ала талаптар

Kaspersky Security Center Басқару серверін және Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін (қажет болса) орнатқаныңызға көз жеткізіңіз. Kaspersky Security Center Web Console орнатқан болсаңыз, сізді құрылғыға бағытталған қауіпсіздікті басқаруға балама немесе қосымша ретінде пайдаланушыға бағдарланған қауіпсіздікті басқару да қызықтыруы мүмкін.

Кезеңдер

Құрылғыларға бағытталған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын басқару сценарийі келесі қадамдарды қамтиды:

  1. Бағдарламалар саясаттарын конфигурациялау

    Әр бағдарлама үшін саясат жасау арқылы басқарылатын құрылғыларда орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламаларының параметрлерін конфигурациялаңыз. Бұл саясат жиынтығы клиент құрылғыларына қолданылады.

    Бағдарламаны жылдам іске қосу шебері арқылы желі қорғанысын конфигурациялау кезінде Kaspersky Security Center бағдарламасы келесі бағдарламалар үшін әдепкі бойынша саясатты жасайды:

    • Kaspersky Endpoint Security for Windows – Windows операциялық жүйесі бар клиент құрылғылары үшін.
    • Kaspersky Endpoint Security for Linux – Linux операциялық жүйесі бар клиент құрылғылары үшін.

    Егер сіз осы шебердің көмегімен конфигурациялау процесін аяқтаған болсаңыз, сізге бұл бағдарлама үшін жаңа саясат жасаудың қажеті жоқ. Kaspersky Endpoint Security саясатын қолмен конфигурациялауға өтіңіз.

    Егер сізде бірнеше Басқару серверінің және/немесе басқару топтарының иерархиялық құрылымы болса, қосалқы Басқару серверлері мен еншілес басқару топтары саясатты әдепкі бойынша негізгі Басқару серверінен иеленеді. Саясат параметрлерін иерархия бойынша төмен қарай өзгертуге тыйым салу үшін параметрлерді еншілес топтар мен қосалқы Басқару серверлеріне мәжбүрлеп иелендіруге болады. Егер сіз параметрлердің тек бір бөлігін иеленуге рұқсат бергіңіз келсе, оларды саясат иерархиясы бойынша жоғары деңгейде құлыптай аласыз. Басқа құлыпталмаған параметрлер иерархия бойынша төменгі саясатты өзгерту үшін қолжетімді болады. Құрылған саясат иерархиясы басқару топтарындағы құрылғыларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

    Нұсқаулар:

  2. Саясат профильдерін жасау (қажет болса)

    Егер сіз бір басқару тобындағы құрылғыларға әртүрлі саясат параметрлерін қолданғыңыз келсе, сол құрылғылар үшін саясат профильдерін жасаңыз. Саясат профилі, саясат параметрлерінің аталған ішкі жиынтығы болып табылады. Параметрлердің осы ішкі жиынтығы құрылғыларға саясатпен бірге таралады және келесі шартты – профильді белсендіру шартын орындаған кезде саясатты толықтырады. Профильдер басқарылатын құрылғыда әрекет ететін "негізгі" саясаттан ерекшеленетін параметрлерді ғана қамтиды.

    Профильді белсендіру шарттарын қолдана отырып, сіз әртүрлі саясат профильдерін қолдана аласыз, мысалы, белгілі бір бөлімшеде немесе Active Directory қауіпсіздік тобында орналасқан, белгілі бір бағдарламалық жасақтама конфигурациясы бар немесе белгіленген тегтері бар құрылғыларға. Белгілі бір өлшемшарттарға сәйкес келетін құрылғыларды сүзгілеу үшін тегтерді пайдаланыңыз. Мысалы, сіз Windows тегін жасай аласыз, оны Windows операциялық жүйесі басқаратын барлық құрылғыларға тағайындай аласыз, содан кейін бұл тегті саясат профилін белсендіру ережелерінде көрсете аласыз. Нәтижесінде, Windows операциялық жүйесі басқаратын құрылғыларда орнатылған "Лаборатория Касперского" бағдарламалары өздерінің саясат профилімен басқарылатын болады.

    Нұсқаулар:

  3. Саясаттар мен саясат профильдерін басқарылатын құрылғыларға тарату

    Әдепкі бойынша, басқарылатын құрылғыларды Басқару серверімен синхрондау 15 минут сайын бір рет жүзеге асырылады. Автоматты синхрондауды өткізіп жіберіп, синхрондауды Мәжбүрлеп синхрондау пәрмені арқылы қолмен іске қосуға болады. Сондай-ақ, мәжбүрлеп синхрондау саясатты немесе саясат профилін жасағаннан немесе өзгерткеннен кейін орындалады. Синхрондау кезінде басқарылатын құрылғыларға жаңа немесе өзгертілген саясат пен саясат профильдері қолданылады.

    Kaspersky Security Center Web Console қолдансаңыз, саясат пен саясат профильдерінің құрылғыларға жеткізілгенін тексеруге болады. Kaspersky Security Center бағдарламасы құрылғының сипаттарында жеткізу күні мен уақытын анықтайды.

    Нұсқаулар:

Нәтижелер

Құрылғыларға бағытталған сценарий аяқталғаннан кейін, "Лаборатория Касперского" бағдарламалары саясат иерархиясы арқылы көрсетілген және таралған параметрлерге сәйкес конфигурацияланады.

Бағдарлама саясаттары мен саясат профильдері басқару топтарына қосылған жаңа құрылғыларға автоматты түрде қолданылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Басқару серверлерінің иерархиясы

Басқару топтары

Саясаттар

Саясат профильдері

Саясаттар иерархиясы

Пайдаланушы рөлдері туралы

Сценарий: желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу